Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: ДЕПУТАТТАР ШАУҒАР СЕКТОРЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН: ДЕПУТАТТАР ШАУҒАР СЕКТОРЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бүгін Түркістан қалалық мәслихат төрағасының және мәслихат депутаттарының 2024 жылғы жүзеге асырылған және асырылатын жобалар және сайлаушылардың өтініш, сауалдарын тыңдау бойынша халықпен кездесуі болып өтті.
Аталған кездесуге Түркістан қаласы мәслихатының төрағасы Ғ.Амантайұлы, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Б.Оразбеков , Шауғар секторында қарасты депутаттар С.Хандиллаев, С.Рысбеков, Қ.Мұсабек және де дербес бөлімдер қатысты.
 Ауыз су жүргізілмей, жоспардан қалып кеткенС.Малдыбеков, Ататүрік, Амангелді, Б.Елкеев, Тәтібаев көшелеріне толықтай ауыз су жұмыстары жүргізілді.
2. 26 көшеге (Айнаш Оразбаева 1,2, Рысқұлбеков, М.Әбенова 1,2,3, Төлегенов 1,2,3, Т.Баялиев, Алшын, Мұсабеков, Тұтқабаев 1,2, Алмалы, Темірлан, Семей, Ш.Ниязов 2,3 , Амангелді 2, Қ.Тәтібаев, Абылайхан, Қазыбеков) сарқынды су жүйесі қол жетімді болды.
 2024 жылы Шауғар т/а қарасты, инфрақұрылым жүйесі толық аяқталған 26,9 шқ. Құрайтын 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, 3 шақырымды құрайтын 2 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы ұзындығы 52,2 шақырым құрайтын 73 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
2024ж. 45 отбасыға мұқтаж аналарға азық-түлік берілді, демеушілер тарапынан мұқтаж көп балалы отбасыға 5 отбасы табиғи газбен қамтылды, 30отбасына киім-кешек таратылды, 20 отбасыға ет таратылды, 1 отбасыға 1 миллион қаржы көлемінде көмек берілді, 1 мұқтаж отбасына 2 тонна демеушілер тарапынан көмір түсіріп берілді.
88 әлеуметтік пәтер берілді.
Мөлтек ауданның жай-күйін жеткізген тұрғындар кезекпен мәселелерін баяндады. Атап өтетін болсақ, № 22 мектептің жанындағы балалар алаңқайына қатысты мәселе, Игілік базарының алдындағы жолаяқтың жаңартылу жұмыстары жүргізілсе деген ұсыныс,Сарыжайлау көшесінің жарықтандыру мәселесі мен қоқыс мәселелерін, Әйтеке би мектебінің алдына ,Кенесары көшесіне бейнебақылаудың қойылу мәселелерін айтты.
Мәселелерін баса назарға алған депутаттар өтініштерді жеке-жеке тиісті бөлімдерге жеткізе отырып, депутаттық сауалдар жолдайтындығын, және аталған мәселелердің оң шешімін табатындығына ықпал жасайтындықтарын жеткізді.
Сонымен бірге, халық қалаулылары Түркістан қаласы Шауғар мөлтекауданында жүргізіліп жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын аралап көрді.
Салауатты өмір салтын қалыптастырып, киелі шаһарымызда бұқаралық спортты дамыту мақсатында түрлі спорттық нысандар салынуда. Соның бірі — Шауғар секторында құрылысы басталған спорт кешені. 2 қабаттан тұратын спорт кешенінің жалпы сыйымдылығы 100 ге жуық спортшыны қамтитын болады.
Аталған кешеннің жұмыс барысын бақылауға алу мақсатында Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғ.Сарсенбаев және қалалық мәслихат депутаттары С.Рысбеков, Қ.Мұсабеков, қала әкімінің орынбасары Б.Оразбековпен бірге арнайы барып, жай күйімен танысты
Спорт орталығында бокс, дзюдо, үстел теннисі, баскетбол, еркін күрес, тағы да басқа спорт түрлерімен айналысуға болады. Келушілердің ыңғайлылығы үшін киім ауыстыруға, душ қабылдауға арналған арнайы және бапкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелермен қамтылған.

Пікір жазу