Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » «Нашақорлыққа жол жоқ»форумы Қазығұртта қорытындыланды

«Нашақорлыққа жол жоқ»форумы Қазығұртта қорытындыланды

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің және аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа жол жоқ» атты форум өтті.
Форумға аудан әкімі А.Исмаилов, полиция бастығы А. Серікбаев, прокурор Р.Абдраимов, жеке құрам қызметкерлері, медицина сала мамандары мен ардагерлері, мәдениет үйінің қызметкерлері және жоғары сынып оқушылары, ұстаздар қауымы қатысты.
Аталмыш шараның шымылдығы театр өнерпаздарының «Нашақорлыққа жол жоқ» атты сахналық көрінісімен ашылып, «Нашақорлық-әлемді алаңдатып отырған ең күрделі мәселенің бірі» екендігін көрсетіп, жас өрендердің есінде қаларлықтай әсер берді.
Жиналған жұрт алдында сөз сөйлеген аудан әкімі А.Исмаилов, полиция подполковнигі А.Серікбаев, қоғам назарындағы ғасыр дертіне айналған есірткі, нашақорлық жайында баяндама жасап, шараның маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ форумның спикерлері қазіргі қоғам дертіне айналған есті алатын есірткі заттарына деген тәуелділікті, есірткінің талай жанның тағдырын тәлкі еткендігін баяндай отырып, өткізіліп жатқан форумның маңызын түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар қазіргі қасіреттің бірі – Есірткі заттары бойынша жас өрендерімізге бойларын алшақ ұстап, жаман әдеттерден аулақ болуын ескертті.
Өткізілген шара соңында әр бір мектеп оқушыларына «Мен есірткісіз болашықты таңдаймын» деген кітапшалар таратылды.

Пікір жазу