Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ АШЫЛУЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Республика күні қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге қалада алғашқы екі жайлы мектептің техникалық ашылуына қатысты. Нұршуақ шағынауданындағы жаңа білім беру ғимараты 2000 орынға, ал Қарабастау тұрғын алабындағы мектеп 1200 орынға есептелген. Айта кетейік, бұл мектептерде оқушылар оқу жылының екінші тоқсанынан оқи бастайды.
Қала әкімі тұрғындарды алдағы мерекемен құттықтай отырып, мектептер тапшылығы мәселесі ұзақ жылдар бойы өзекті болғанына тоқталды.
Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінде елімізде апатты және үш ауысымды мектептер мен оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда.
Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін жеке блоктары бар заманауи мектептерде балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдайлар жасалған. Ал, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қарастырылған, заманауи пәндік кабинеттер, STEM-зертханалар, робототехника сыныптарымен жабдықталған.
Сонымен бірге, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мектептің болашақ оқушылардың ата-аналарына балаларының бойына қала тұрғындары үшін жасалып жатқан жұмыстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеуге шақырды.
Мектеп оқушыларының ата-аналары да балаларына осындай жағдай жасалғанына ризашылықтарын білдірді. Олар жаңа мектеп барлық білім беру стандарттарына сай ғана емес, балалардың жан-жақты дамуына септігін тигізетінін айтты.
Қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылып, сандық бейнекамералар мен турникеттер орнатылды. Сондай-ақ, хореографиялық және төрт спорт залы, демалыс аймақтары, воркаут және нетворкинг бар.
Жалпы, Шымкентте ұлттық жоба аясында 18 жайлы мектеп ашылады.

Пікір жазу