Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӘРІСТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНА 35 ЖЫЛ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӘРІСТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНА 35 ЖЫЛ

Шымкент қалалық корей этномәдени бірлестігінің ұлттық салт-дәстүрі, мәдениетті, тілін сақтауға және дамытуға ықпал ететін Шымкент қаласындағы корейлер қауымдастығының 35 жылдығына арналған мерекелік концерті өтті.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғ.Махан, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы-қалалық Қазасқстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі А.Әмзеева ҚХА төрағасының орынбасары, Қазақстан кәрістері қауымдастығының төрағасы Ю.Шин, Корей Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің қызметкерлері кәрістер қауымдастығына 35 жыл толуына орай құттықтауын жеткізді.
«Достық үйінің» 1-қабатында корейлердің Қазақстанға қоныс аударуынан сыр тартатын тарихи фотосуреттер мен мұрағаттық құжаттардан жасақталған көрме жиналған көпшіліктің назарына ұсынылды. Корейлер қауымдастығын мерейлі мерекемен құттықтаған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Қазақстандық корейлердің еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып, тұғырлы татулық жолын жалғап жүргенін тілге тиек етті.
– Осыдан 35 жыл бұрын республикада алғашқылардың бірі болып Шымкентте корей этномәдени орталығы өз жұмысын бастаған болатын. Үш онжылдықта орталық белді қауымдастыққа айналып, бүгінде еліміздегі түрлі байыпты бастамаларға үнемі қолдау көрсетіп, қазақстандық патриотизмді дамыту, ел бірлігін бекемдеу, қоғамдық келісімді сақтау бағытындағы сындарлы саясаттың іске асуына сүбелі үлес қосып келеді, – деді Ғ.Махан.
Шара барысында бірлестіктің дамуына зор үлес қосқан корей қоғамының ардагерлері мен белсенді мүшелеріне алғыс хаттар мен марапаттар тапсырылды.
Сондай-ақ, жиында Шымкенттегі корейлер қауымдастығының бастамасымен жасалған кітаптың тұсаукесері болды. Ол жинақта корей қауымының тарихына, 1937 жылы корейлердің Қазақстанға жер аударылуына және олардың жергілікті қоғамдастыққа қосылуына ерекше назар аударылған.

Пікір жазу