Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Жол құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді

Жол құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді

Жуырда ғана республиканың үшінші қаласы атағы берілген Шымкент қаласының  сәулеті, келбеті, тіпті жол құрлысы да үшінші қала атауына лайық болуы тиіс. Бұл жөнінде қала әкімдігі тарапынан біршама  жобалар қолға алынып,  жалғасын табуда.

Осы орайда қалалық  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Бөгет көшесінің құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау жариялап отыр.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Бөгет көшесінің құрылысы (Дамба көшесінің жалғасы)» жұмыс жобасы бойынша қоғамдық тыңдау жариялайды.

Қоғамдық тыңдау 2018 жылдың 20 шілдесі күні Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі, №49 үй — Әл-Фараби ауданы әкімшілігінде, сағат 11:00-де басталады.

Қоғамдық тыңдаудың құжаттарымен және «Бөгет көшесінің құрылысы (Дамба көшесінің жалғасы)» жұмыс жобасымен мына мекенжайда алдын ала танысуға болады және ұсыныстар қабылданады: Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі №49 үй, №104 кабинет немесе shymdor.kz@mail.ru поштасы.

Пікір жазу