«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығын орындау шеңберінде Сайрам ауданы әкімі Арман Сәбитов Қарасу ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қарасу ауыл округі, Ақбастау ауылында салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылыс алаңына барды. Аралау барысында аудан басшысы жауапты тұлғалармен бірге медеицина мекемесінің жағдайын жіті саралады. Мердігер мекеме өкілдерімен тілдесіп, құрылыс жұмыстарының сапалы салынуын, жұрт игілігіне тиянақты берілуін тапсырды.
Аталған нысанның қажетті қаржысы республикалық бюджеттен қаралып, құрылысы биыл басталған. Бүгінде «Aveniu» ЖШС техникалық қадағалауындағы «Шаңырақ» ӨК мердігер мекеме тарапынан іргетасы құйылуда. Алдағы уақытта жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, аталған дәрігерлік амбулатория жыл соңына дейін пайдалануға берілу жоспарлануда.
Тұрғындармен тығыз байланыс орнату мақсатында Сайрам ауданының әкім Арман Сәбитов Қарасу ауылының тұрғындарымен кездесу барысында Б.Майлин көшесінің азаматтарымен жолықты. Кездесу барысында қуаттылығы 160 Квт трансформатордың жай-күйімен танысты.
Бүгінгі таңда аталған көшеде тұрғындардың саны күннен-күнге артуына байланысты қосымша трансформатор орнату және электр бағаналарын ауыстыру мәселелері талқыланды.
Келесі кезекте Ақбай елді мекеніндегі №28 Ақбай атындағы білім мекемесіне барды. 2 қабатты білім ордасының іргетасы 1974 жылы қаланған. Мұнда 991 оқушыға 151 мұғалім екі ауысым бойынша дәріс береді.
Аудан басшысы аталған алтын ұяда оқушылар санының артуын назарға ала отырып, типтік спорт зал және акт зал ғимараттарын салу, сонымен қатар, кітапхана және асханалардың аясын кеңейту керектігін айтты.
Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына бұл бағытта тиісті жұмыстар атқару бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.