Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » АРМАН СӘБИТОВ: «АУЫЗ СУҒА БЕРЕШЕГІ БАР АЗАМАТТАРМЕН ЖҰМЫС ҚАРҚЫНЫН КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ»

АРМАН СӘБИТОВ: «АУЫЗ СУҒА БЕРЕШЕГІ БАР АЗАМАТТАРМЕН ЖҰМЫС ҚАРҚЫНЫН КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ»

Сайрам ауданы әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары, бірқатар мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде Сайрам ауданының ауыз су саласы бойынша мәселелер қаралды.
Бұл тақырыпқа қатысты «Сайрам Тазалық» ЖШС мекемесінің басшысы Қадырбек Бегалиев баяндама жасап, аталмыш мекеменің атқарылған жұмыстары мен өзекті мәселелеріне тоқталды.
Мәжіліс барысында аудан әкімі тиісті бөлім басшысы мен ауылдық оқруг әкімдеріне әрбір ауылдық округтегі берешегі бар жеке және заңды тұлғаларға зерделеу жұмыстарын жүргізу және олардың тізімін көше комитеттері мен билерге беру, абонент санымен айналысуға қатысты нақты тапсырмалар беріп, іске асуын өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.

Пікір жазу