Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХІІ СЕССИЯ ӨТТІ

КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХІІ СЕССИЯ ӨТТІ

Шымкент қалалық мәслихатының кезекті XXXII сессиясы өтті. Жиынға қала әкімі Ғабидолла Рахметоллаұлы да қатысты.

Күн тәртібінде қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай Шымкент қаласының 2017 жылғы бюджетінің атқарылуы есебі жайында баяндап берді.

Оның айтуынша, 2017 жылы білім саласына 45,5 миллиард теңге бағытталып, 11414 оқушы ыстық тамақпен, 5483 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалып, 1650 оқушы «ЭКСПО – 2017» көрмесіне қатысқан.

Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 372 миллион теңге бағытталып, алғаш ет бөлімге қарасты 124 мектепте жөндеу жұмыстары толығымен жүргізілген.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидола Рахметоллаұлы барша әріптестерін бірлесе жұмыс істеуге шақырып, алдағы бірқатар жоспарларымен таныстырды.   

– Келесі аптадан бастап жаңа басқармалар құрылып, қала әкімінің орынбасарлары тағайындалады. Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Біз де Астана, Алматы қаласымен барлық жағынан сәйкес болуымыз керек. Астана қаласының әкімдігімен меморандумға қол қоюды жоспарлап отырмыз. Біздің қызметкерлер елордалық әріптестерімен бірге тәжірибе алмасып қайтады. Негізінен, сәулет, жол салу, аулаларды абаттандыру мәселелері бойынша. Бізде ресурс бар. Тек қана жұмыс істеу қажет. Елбасының тапсырмасын орындауға барлық күш-жігерімізді саламыз, – деді қала әкімі.


Одан бөлек, күн тәртібінде Сәулет және қала құрылысы бөлімінің, қалалық Жер қатынастарының және Абай, Әл-Фараби, Қаратау, Еңбекші аудандарының есептері тыңдалды.

(Асхат Әссандидің фоторепортажы)

Пікір жазу