Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Менің тапсырмаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Осы өте маңызды жұмысты «Самұрық-Қазына» қоры қадағалап отыр. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаға белсене атсалысуға тиіс» — деген болатын.
Осы орайда Шымкент қаласында ұлттық жоба аясында 18 жайлы мектеп ашылады деп жоспарланып, жүзеге асырылуда.
Бүгінде Республика күнінің қарсаңында алғашқы екі жайлы мектептің техникалық ашылуы болды. Нұршуақ шағынауданындағы жаңа білім беру ғимараты 2000 орынға, ал Қарабастау тұрғын алабындағы мектеп 1200 орынға есептелген. Айта кетейік, бұл мектептерде оқушылар оқу жылының екінші тоқсанынан оқи бастады.
Нұршуақ шағын ауданында орналасқан №140 жалпы орта білім беру мектебі толық жаңа технологиялармен жабдықталып,сонымен бірге ұстаздар қауымы мен оқушыларға барлық жағдай жасалған. Ата-аналарда жайлы мектеп жобасы аясынан шет қалмаған. Ата-аналар үшін, арнайы күту залы бар. Әр санаттағы оқушылар үшін жас деңгейіне сәйкес спорт зал, асхана, дәретхана, ойын және ас үй бөлмелері қарастырылған. Оқушылар үшін ыңғайлы кітапхана, шығармашылық дағдыны дамытуға көмектесетін мәжіліс залы да бар.
Соңғы жылдары Қазақстанда «Жайлы мектеп» деген ауқымды жоба белсенді жүзеге асырылуда. Заманауи технологиялармен жабдықталған және оқуға ыңғайлы барлық жағдай жасалған жаңа мектептер бүкіл ел бойынша бой көрсетіп жатыр. «Жайлы мектеп» жобасы тек ғимараттарды ғана салып қоймай, әр баланың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды. Ал оқуға ыңғайлы жағдайлар – бұл біздің еліміздің болашағына жасалған инвестиция.

Пікір жазу