Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев тиісті тұлғалармен бірге Сайрам ауданы, Әйтеке би ауылында орналасқан арендалық тұрғын үйдің (80 пәтердің) құрылысымен арнайы танысып қайтты.
Аталған нысанның жобасын «Тұрғын үй-моммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2024 жылы жеке инвестор А.Абдусаламов жүзеге асырған болатын. Бүгінде жалпы 2-қабатты 3 дана арендалық тұрғын үйдің (80 пәтердің) құрылысы жеке инвестордың өзі ұсынған эскиздік жобаға сәйкес басталған. Қазіргі таңда «W-build» ЖШС мердігер мекеме тарапынан тұрғын үйлердің жер қазу жұмыстары жүргізілуде.
Аралау барысында аудан әкімінің орынбасары мердігер мекеме өкіліне жұмыстың сапалы орындалуын, аталған мерзімнен кешіктірмеуін, кемшіліктер орын алса, қайта қалыпқа келтірулерін тапсырды.
Бүдан бөлек, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев Ақсукенттегі Абылай хан көшесі, «Мәртөбе» алаңындағы жүргізіліп жатқан абаттандыру құрылыс жұмыстарымен танысты.
Аралау барысында кейбір үйлердің, кәсіпкерлік нысандардың қасбеті аудан орталығының келбетіне кедергі келтіргеніне көз жеткізді.
Осыған орай, үйлер мен ғимараттарды әктеу-сырлау, жаяу жүргіншілер жолағын ретке келтіру, ойын алаңшаларын реттеу, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күшейту мақсатында мердігер мекеме мен тиісті бөлімдерге тапсырмалар берді.