Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Ақсукент ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектеріне құлақ асты. Жергілікті тұрғындар көше жарықшамдарын қою, тозығы жеткен электр бағаналарын жаңарту және жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысын жандандыру жайлы өтініштерін білдірді.
Өз кезегінде, аудан әкімі жауапты мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, түйткілді мәселелердің шешімін табу жолдары қарастырылатынын айтты.
Бұдан бөлек, тұрғындар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолының қалған бөлігіне жөндеу жұмыстары қашан жүргізілетінін сұрады. Аудан әкімі бюджеттен тиісті қаражат қарастырылуына байланысты, аталған жол құрылысы жұмыстарының жүргізілетінін жеткізді.