Елбасы Жарлығымен шілденің алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күні болып белгіленді. Биыл бұл күн бірінші шілдеге сәйкес келіп отыр. Осыған орай, еліміздің үшінші мегаполисі арнайы дайындығын әзірлеп, Шымқала тұрғындары мен қонақтарын таңғы сағат 10:00-де Асанбай Асқаров атындағы демалыс аймағында орын тепкен дендросаябаққа шақырды.
Онда жиналған жұрт бұрын-соңды болмаған мерекелік іс-шараны тамашалауға зор мүмкіндік алды. Ұлттық домбыра күнінің құрметіне өткізілген флешмоб, ұлттық музыкалық аспаптар көрмесі, домбыра жасаудан шеберлік сағаты, мерекелік концерт көпшілік қауымның көңілінен шықты деуге болады.
Ал, қаладағы қоғамдық көліктерде домбырамен күй тартылып, термелер орындалды. Қаладағы кітапханалар жүйелері мен саябақтарда домбыра күніне арналған іс-шаралар жаслғасын тауып жатты.
«Екі ішекке бір тиекті қондыра,
Ойнаймыз біз қолымызды талдыра.
Білсең егер айта қойшы, достарым?!
Қайдан шықты асыл мұра домбыра», – деп ұлы ақын ағаларымыз жырлап кеткендей, домбыраның шешен тілі сайрағанда, бойымызды рух билеп, жүрегімізде жалын ойнады.
Әсет Әссанди