Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте газ беру уақытша тоқтатылады

Шымкентте газ беру уақытша тоқтатылады

Шымкент қаласында қысқы жылу маусымына дайындық  жұмыстары басталып кетті. Шілденің алғашқы күндері Шымкент қаласының бірқатар аумағында табиғи газ беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды. Шымкент қаласы тұрғындарының назарына ұсынылған хабарламада қаланың бірқатар аумағында табиғи газ беру уақытша тоқтатылатындығы көрсетілген.

Газ құбырларын жылыту маусымына дайындау мақсатында Шымкент қаласының кейбір көшелерінде газ берілу уақытша тоқтатылады. Нақты айтқанда  2-4 шілде күндері Шымкент қаласы №1 ШНОС айналма жолындағы ГТП-126 жүйесіне қосылған абоненттерде, яғни,  Жастар, Қапал батыр, Панфилов, Р. Павлан, Б.Рамиз, Төлеметов, Тойшы ата, Амур аға, Құрбан ата, Гагарин, Алмалы, Ақниет, Игілік көшелері, Гагарин  және Теміржол өткелдеріндегі абоненттерде табиғи газ беру уақытша өшіріледі.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚОФ табиғи газдың уақытша өшірілетінін ескере отырып, келтірілген қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрайды.

Пікір жазу