Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Төле би ауданына жаңа әкім тағайындалды

Төле би ауданына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін Түркістан облысының Төле би ауданына жаңадан әкім тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бұл қызметке Бауыржан Омарбековты тағайындады.

Әкімді аудан активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, Мемлекет басшысы бекіткен бағдарламалардың сапалы түрде жүзеге асыруға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың оның ішінде жастардың жұмысқа орналасуын басты назарда ұстау қажеттілігін айтты. Сонымен бірге, ауданның дамуына өз үлесін қосқан бұрынғы әкім Бұхарбай Пармановқа алғысын білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Жаңа тағайындалған әкімнің тәжірибесі мен біліктілігі жететіндігіне сенім білдіре отырып, тұрғындарды ауыз су және көгілдір отынмен қамту және еңбек ресурстарын реттеп, халықты жұмыспен қамту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.  

Б.Омарбеков 1983 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы  бойынша экономист. Еңбек жолын 2005 жылы «Қазкоммерцбанк» АҚ Шымкент филиалы бөлшек бизнесін дамыту секторының клиенттермен жұмыс жүргізу менеджері болып бастаған. 2006-2015 жылдары аралығында «Қазкоммерцбанк» АҚ Шымкент филиалы № 814 операциялық бөлімінің тұтыну несиелерін сату бөлімінің менеджері, «Банк Туран Алем» АҚ ОҚФ несие желісі секторының меңгерушісі, «Альянс Банк» АҚ директорының бөлшек бизнесі бойынша орынбасары, «Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы» ЖШС-нің директоры қызметтерін атқарған.

Ал 2015-2016 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік,  индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған. 2016 жылдың шілде айынан бастап Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етіп келген.

 

Фото түсірген Мырзалиев Самат.

Пікір жазу