Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАР» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАР» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Шымкент қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қалалық Ассамблея жастарының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің болашағы – жастар» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұркен Әлімқұлов, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Концерттің негізгі мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін дәріптеу, ұлттық мәдени мұраны насихаттау және ұрпақ сабақтастығын нығайту. Бағдарлама шеңберінде жастардың тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан үлесі көрсетіліп, өнер арқылы патриоттық сезімді қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Іс-шара «Ұрпақ сабақтастығы – Тәуелсіздік кепілі» атты поэтикалық-хореграфиялық композициямен ашылды. Сахнада студент-жастар еліміздің өркендеу жолы мен жетістіктерін бейнеледі, ал «Шамсинур» би ансамблі «Мереке» биін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұркен Әлімқұлов сөз сөйлеп «Бүгінгі шара – жастарымыздың шығармашылығын көрсету мен ұрпақ сабақтастығын нығайтуға арналған маңызды іс-шара. Біз жастарға сенеміз және олардың тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан үлесі зор деп санаймыз. Біздің міндетіміз – жас буынға дұрыс бағыт беру, олардың шығармашылық қабілетін дамытып, патриоттық тәрбие беруге мүмкіндік жасау. Бұл тек мәдени іс-шара емес, сонымен қатар, тәуелсіздіктің мәнін түсіндіру, жастарды елге қызмет етуге баулу мақсатындағы маңызды бастама» – деді.

Концерт барысында әр түрлі жанр мен бағыттағы шығармалар көрермен назарына ұсынылды. Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ студенттері «Сән» театрының дефиле көрсетілімін өткізді. Сонымен қатар, республикалық байқаулардың лауреаты Изатуллаева Зардиана екі ән орындаса, Үркер тобының репертуарынан «Жаным» әнін республикалық байқаулардың лауреаты Олег Вименко жеткізді.

Іс-шара финалында «Қазақстан – елім менің» әні шырқалып, сахнадағы барлық орындаушылар мен жалаушалар көрермендермен бірге әнге қосылды.

Концерттік бағдарлама жастардың шығармашылық әлеуетін паш ету мен ұлттық мәдениетті дәріптеу тұрғысынан ерекше маңызға ие болды. Шымкент қаласының жастары өз өнерін ортаға салу арқылы тәуелсіз еліміздің болашағына деген сенімін білдіріп, елге деген патриоттық сезімдерін көрсетті. Мұндай шаралар жастардың бірігуіне, өзара түсіністік пен мәдени байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді, сондай-ақ жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырады. Қоғамда жастардың маңызды рөл атқаратынын көрсететін мұндай іс-шаралар олардың келешекте елдің өркендеуіне қосатын үлесін одан әрі арттырады.

Ұрпақ сабақтастығын сақтау мен оны дамыту мақсатында ұйымдастырылған концерттер жастардың ұлттық рухын көтеріп, тарихи санасын қалыптастыруға ықпал етеді. Шаралар барысында өткен мен болашақтың арасындағы байланыс айқын көрініс тауып, жастарға өз тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімін ұялатады. Әр ұрпақтың өз саласында алға қойған мақсаттары мен міндеттері болғанымен, тәуелсіздіктің мәні мен маңызын түсіну, оны қорғау бәріміздің ортақ міндетіміз екенін әр іс-шарада ескерту қажет.

Осындай мәдени шаралар қала жастарының шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Жастардың өнерге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру арқылы олардың өз-өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға ықпал етеміз. Сондай-ақ, жас ұрпаққа елдің болашағы мен тәуелсіздігінің маңызын түсіндіру мақсатындағы шаралар олардың ел алдындағы жауапкершілігін нығайтуға бағытталған. Мерекелік концерттер тек мәдени шаралар ретінде ғана емес, қоғамның жастарға деген қамқорлығын, олардың дамуындағы маңызды қадамдар ретінде бағаланады.

 

 

Пікір жазу