Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚМДБ ӨКІЛДІГІ АШЫЛДЫ

ҚМДБ ӨКІЛДІГІ АШЫЛДЫ

Бүгін Түркістан облысының орталығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұрақты түрде жұмыс істейтін өкілдігі ашылды. Ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораз, ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Арын Берік және облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен облыс ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, мешіт имамдары қатысты.

Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдігінің ашылуы рухани қаланың өмірінде айрықша сипатқа ие екенін айтқан облыс әкімі бұл өнегелі істердің ұйытқысына айналар игі бастама болғалы тұрғанын жеткізді.

«Қасиетті Ислам дінін қадір тұтып, өмірінің басты мақсатына айналдырған өңіріміздің әрбір мұсылманы үшін қуанышты осынау жаңалықпен сіздерді құттықтаймын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қасиетті де киелі Түркістанда тұрақты жұмыс жасайтын өкілдігінің ашылуы Ислам дінінің өркендеп өсуіне, діңгегінің  нығая түсуіне оң ықпалын тигізетініне біздің сеніміміз мол», – деді Ж.Түймебаев.

Шарада сөз алған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, Серікбай қажы Ораз тарихи оқиға – Түркістан облысының дүниеге келуімен барша түркістандықтарды құттықтап, ашылып отырған басқарманың өкілдігі Ислам дінінің өркендеуі жолында жұмыс атқаратынын айтты.

Сонымен Түркістан қаласындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілі болып Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы тағайындалды.

© DIDARBEK.kz
Фото түсірген С.Мырзалиев

Пікір жазу