Түркістан облысының орталығы, Түркістан қаласында облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы өтті. Жиынды облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Базарбай Мұсабеков жүргізді.
Сессия жұмысына Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, облыс әкімдігінің мүшелері, қала және аудан әкімдері, құқық қорғау органдарының, облыстық аумақтық департаменттер мен басқармалардың, ұйымдардың басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібінде облысты басқару схемасына өзгерістер енгізу мен Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы және өңірдің әкімшілік-аумақтық құрылысы сынды алты мәселе қаралды.
Сессия отырысында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бүгінгі Түркістан қаласында өткізіліп отырған облыстық мәслихатының сессиясы тарихи екенін айтып, Елордада 1997 жылы 9 желтоқсанда өткізілген ҚР Парламентінің бірлескен бірінші мәжілісін еске алды.
Сонымен қатар, сессия барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барлық депутаттарды «Астананың 20 жылдығы» медалімен және мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапаттады.
(Асхат Әссандидің фоторепортажы)