Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев барысында Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барып, Манкент ауылындағы «Нұрым Групп» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Бұл серіктестік 10 000 ірі қара малға арналған бордақылау алағы мен құрама жем цехын, мал сою алаңын іске қосып отыр.
Ары қарай, облыс басшысы Ақсу ауылында орналасқан «Gas Standart System» ЖШС-нің сұйық газ сақтайтын және сататын кешеннің ашылуына қатысты. Жобаның қуаттылығы – жылына 15000 тонна. Мұнда сұйық газдың сыйымдылығы 650 текше метр болатын 13 резервуар жерге көмілген. Бұл өз кезегінде экологияға зиян келтірмейді және бағасы жағынан бензинмен салыстырғанда 2,5 есе арзан.
Сондай-ақ, іс-сапар барысында өңір басшысы Ақсукенттегі «Мемлекеттік жекеменшік аясында» қайта құрылған 200 орындық балабақшаға ат басын тіреп, нысанды пайдалануға тапсырды. Жобаның құндылығы – 289,947 млн. тг.
Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Сайрам ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Ақсукент-2 ауылындағы №3 Сайрам аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залы, жабық футбол алаңы мен әкімшілік ғимаратын ашты. Жобаның құны – 209,992 млн. тг.м