Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Шардара ауруханасы елімізде теңдесі жоқ «Триаж» жүйесіне қосылды

Шардара ауруханасы елімізде теңдесі жоқ «Триаж» жүйесіне қосылды

Шардара аудандық ауруханасы елімізде теңдесі жоқ «Триаж» жүйесіне қосылды. Аурухананың негізгі ғимаратына қосымша (3H) «Триаж» жүйесіне арнайы бағытталған ғимарат салынып, заманауи техникалық жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Аурухананың бас дәрігері Жанар Оспанованың айтуынша, жөндеу-жаңару жұмыстары ауруханасының жеке қорынан (ақылы қызмет есебінен) және демеушілер есебінен қаржыланды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығы бойынша көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру мақсатында аудандық аурухананың негізгі ғимаратына қосымша (3H) «Триаж» жүйесіне арнайы бағытталған ғимарат салынып, жаңа жүйе іске қосылды.

Бөлімше құрылымы толығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес жасалған. Триаж ғимаратынның құрылысы бұрын-соңды республикада болмаған жоба ретінде қарастырылып отыр.

Шардара ауданындағы денсаулық сақтау саласында бұрын соңды болмаған елеулі өзгерістер орын алуда. Шардара аудандық ауруханасы барлық құрылымдық бөлімшелерімен аудандағы 79 000 халыққа қызмет көрсетеді. Биыл қалалық емханаға қосымша құрылыс есебінде бір ауысымда 150 келушіге арналған, жалпы құны 1 млрд 600 млн  тг құрайтын ғимараттың құрылысы басталды. Ол 2019 жылдың соңына пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу