Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ШУАҚТЫ КҮНІ ШАҒАЛАЛЫ ШАРДАРАДА

ШУАҚТЫ КҮНІ ШАҒАЛАЛЫ ШАРДАРАДА

Шардара ауданындағы ауыз толтырып айтатын шаруаның бірі туризмді дамыту бойынша келелі жұмыстар қолға алынуда. Шардара ауданы – жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ.

Шардара су қоймасы жағалауындағы туризм саласын дамыту бойынша бүгінгі таңда орман қоры жерінен елді мекен санатына ауыстырылған 255 гектар жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына жобалық сметалық құжаттама әзірленуде. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталмақ.

Шағалалы өңірде биыл желкенді қайық спорты іске қосылды. Бұл спорт түрі сонау 976 жылы ашылып, Кеңес өкіметі тараған кезге дейін жұмыс істеген екен. 2018 жылдың көктем мезгілінде қайтадан өз жұмысын бастаған желкенді қайық спорты №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қарамағынан ашылды. Мұнда екі маман жұмыс істеп, мектеп жасындағы жасөспірімдерді спорттың осы түрімен жаттықтырады.

– Өздеріңіз білесіздер, Шардара ауданы – жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ. Дегенмен, бұл аумақ орман қоры жерінде болды. Жуырда арнайы Үкіметтің қаулысымен жағажай маңындағы 255 га аудандық коммуналдық меншікке берілді. Яғни, бұл енді ауданның меншігінде болып саналады. Бүгінгі таңда осы 255 га жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталмақ. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, мұнда 60 нысанның құрылысы қаралған, оның ішінде 30 қонақүй бой көтереді. Тартылатын инвестиция көлемі 6,7 млрд теңге, оның ішінде мемлекет тарапынан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына 1,7 млрд теңге жоспарлануда, – деді Болатбек Қыстауов.

Аудан әкімінің мәлімдеуінше, жағалаудағы нысандар құрылысын бастауға, жер учаскесін алуға көптеген инвесторлар қызығушылық танытып отыр. Осы жұмыстар нәтижесінде 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылып, туристер санын көбейту жоспарлануда.

 

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу