Түркістан облысы, Шардара ауданына баспасөз туры ұйымдастырылды. Алдымен, аудан әкімі Болатбек Қыстауов БАҚ өкілдеріне «Иіржарагро» ЖШС-не қарасты егістік алқаптың жұмысымен таныстырды. Аталған егістік алқапта 300 гектар жерге заманауи үлгідегі инновациялық тамшылатып суару әдісімен шит егілген.Адам күшін толықтай техникамен алмастыратын бұл әдістің ерекшелігі – шаруалар мол өнімге қол жеткізеді.
БАҚ өкілдері ат басын бұрған келесі нысан – жаңадан салынып жатқан №18 газ тарату стансасы. Қазіргі таңда газдандыру ісі Шардара ауданында жоспарлы түрде жүргізіліп отыр.
Бұған дейін «Газ құбырын бұрып алу және ауданды газбен қамтамасыз ету үшін ГРС (газ тарату стансасы) №17 Ұзын ата және ГРС №18 Шардара» газ тарату стансасына облыстық бюджеттен 258,8 миллион теңге қаржы бөлініп, игерілген болатын.
Биылғы жылға өтпелі болған бұл жұмыстарға үстіміздегі жылы 771,6 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары одан әрі жалғасын тауып келеді.
Асхат Әссандидің фоторепортажы)