Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, «Актив лайф» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 28-30 маусым аралығында Астана қаласында өткен «Бүгіннің баласы – болашақтың данасы» атты жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бірінші республикалық шығармашылық байқауына қатысқан Түркістан облысының балалары елге оралды.
Шараға 14 облыстан 400-ге жуық өнерпаз қатысқан. Дүбірлі додада көркемсөз өнерінен Айгүл Ержігітова бас жүлдені жеңіп қайтты.
Ербол Садыр – Түркістан облысы әкімінің орынбасары
Біздің тәрбиеленушілеріміз, оқушыларымыз Астанаға барып, үлкен жетістіктерге жетіп жатыр. Бізге беретін ең негізгі алғыстарың, ол жақсы оқу, биіктен көріну және елдің мақтанышы болып, елдің дамуына өз үлестеріңді қосу үшін талпыну. Бізге осыдан артық ештеңе керегі жоқ. Біз өте қуаныштымыз.
Республикалық байқауға қатысқан 23 бүлдіршінді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр қабылдап, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Алғыс хатымен марапаттады.
Шығармашылық байқауда 7 бүлдіршін жүлделі орындарға ие болды.
Азат Дидарбек (Azat Didarbek)-тің фоторепортажы