Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет » НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА

НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкентте есірткі қылмысының алдын алумен қатар, нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстар да жүйелі жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында айтылды.

Жыл басынан бері мемлекеттік органдармен бірлесіп, есірткі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған 788 іс-шара өткізіліп, оған 114 мыңнан астам адам қатысты. Қала аумағында есірткі заттары мен интернеттегі заңсыз ресурстарды жарнамалайтын мыңнан астам граффити-сурет жойылды. Сонымен қатар, маусым айында «Шымкент – есірткісіз қала» атты кең ауқымды науқан ұйымдастырылды.

Профилактикалық жұмыстардың негізгі бағытының бірі – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Өткен оқу жылында білім беру ұйымдарында 516 кездесу, дәріс және тәрбие сағаты өткізіліп, 120 ата-аналар жиналысында қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жаңа оқу жылында да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, білім беру ұйымдарында оқушылар мен ата-аналарға арналған профилактикалық және ақпараттық кездесулер тұрақты түрде өткізілетін болады. Полиция қызметкерлері нашақорлықтың алдын алуда тек құқық қорғау шараларымен шектелмей, жастардың құқықтық мәдениеті мен қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарына басымдық беріп отыр.

Нашақорлықтың алдын алуда отбасының рөлі де ерекше. Осыған байланысты ата-аналарға баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оның ортасы мен қызығушылықтарына назар аудару және қауіптің алғашқы белгілерін дер кезінде байқау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар жастарды спортқа, шығармашылыққа және қоғамдық бастамаларға тартуға бағытталған жұмыстарға мән берілуде. Мұндай шаралар жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп, зиянды әдеттерден аулақ болуына ықпал етеді.

Алдын алу шараларының тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары және ата-аналар арасында өзара байланысты күшейтуге басымдық берілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жастардың қауіпсіз ортада қалыптасуына және салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасауға бағытталған.

Алдағы уақытта профилактикалық жұмыстардың қамту аясын кеңейтіп, жастар арасында есірткінің зияны туралы ақпараттандыруды күшейту көзделуде. Бұл ретте ерте алдын алу, қауіп факторларын дер кезінде анықтау және жасөспірімдерге қажетті қолдау көрсету шараларына ерекше көңіл бөлінеді.

 

Пікір жазу