Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкенттің әкімі «ҚазТехникас» ЖШС жұмысымен танысты

Шымкенттің әкімі «ҚазТехникас» ЖШС жұмысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Тассай» индустриялды аймағында орналасқан «ҚазТехникас» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Мұндағы өндіріс орнында жарықтандыруға арналған диодты көше және кеңсе шамдары дайындалады.

Айта кетейік, бұл — еліміздің Оңтүстік аймағында  диодты жарық шамдарын шығаруды қолға алған алғашқы кәсіпорын. Қуаттылығы жылына 18 мың дана көше, 36 мың кеңсе шамын шығаруға жетеді. Жоба құны 500 млн. теңгені құрайды. Қажетті қаражат көзі кәсіпорынның өз есебінен жұмсалған. Кәсіпорын екі жылдан бері 40-тан астам адамды жұмыспен қамтып келеді. Орташа жалақы — 110 мың теңге.

«КазТехникас» ЖШС жұмыстың тиімділігін арттыруда заманауи технологиялармен жабдықталған. Мұнда жарықтандыру және энергия үнемдеу бағытындағы тиімділігін көрсеткен соңғы үлгідегі заманауи технология қолданылады.

Өндіріс орнын аралау барысында қала әкімі «ҚазТехникас» ЖШС директоры Сәбит Мұратқа сәттілік тілеп, жұмыстарына оң баға берді. Алдағы жоспарларын тілге тиек еткен кәсіпорын басшылығы цехтағы қолмен істелетін жұмысты автоматтандыруға кіріскендерін айтты. Бұл өз кезегінде жарықты үнемдеуге септігін тигізбек.

Пікір жазу