Мегаполистегі тағайындаулар басталып кетті. Алғашқылардың қатарында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімі аппаратының басшысы және Абай ауданының әкімі лауазымдары.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. Бұл орынды бұған дейін Шымкент қаласы әкімдігінде идеология саласына жетекішілік еткен Қайрат Нұртай қолға алды.
ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы тағайындалды.
Қайрат Ырзақұлұлы мемлекеттік басқару ісінде жоғары тәжірибелі маман. Бұған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің кадрлық қамтамасыз ету департаментінде, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мұнай өнеркәсібі департаменті, ҚР Президенті Кеңсесі, ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарған.
2015 жылдың 26 қаңтарынан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді. 2018 жылдың 4 шілдесінен бастап Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
Құтты болсын! Шын жүректен құттықтаймыз!
Ел игілігіне еңбек ету бұйырсын!