Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВ – АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ!

БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВ – АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ!

Оңтүстік Қазақстан облысының бір емес, бірнеше аудандарын абыроймен басқарып келген, күні кешеге дейін Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі қызметін атқарған Бухарбай Парманов Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі болып тағайындалды.

Қалалық мәслихатының кезектен тыс 33-сессиясында депутаттар Бұхарбай Пармановтың Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі лауазымына кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Бұхарбай Рысқұлұлы 1962 жылы дүниеге келген, білімі – жоғары. Еңбек жолы 1980 жылы Ленин ауданы Әлішер Навои колхозының колхозшысы болудан басталған. Мемлекеттік қызметті 1986 жылы Кентау қалалық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекциясының экономисті болудан басталды.

1987-1988 жж Ленин аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисті, 1988-1989 жж Ленин аудандық қаржы бөлімінің аға салық ревизоры-инспекторы, 1989-1990 жж. Ленин аудандық қаржы бөлімінің бас салық ревизоры-инспекторы қызметтерін атқарды.

1994-2002 жж аралығында Салық және қаржы полициясы органында қызмет атқарған. 2007-2014 жж ОҚО Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, 2014-2016 жж Сарыағаш ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2016 жылдың 12 тамызынан бүгінге дейін Төлеби ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

Шын жүректен құттықтаймыз!

Пікір жазу