Мегаполистегі тағайындаулар басталып кетті. Алғашқылардың қатарында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімі аппаратының басшысы және Абай ауданының әкімі лауазымдары.
ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы тағайындалды.
Гүлжан Мамытқызы еңбек жолын Шәуілдір жолаушылар көлігі мекемесінің кассирі, Қызылқұм аудандық қаржы бөлімінің кіріс есебінің инспекторы қызметтерінен бастаған. Одан кейін Шымкент қаласы әкімшілігінің қаржы бөлімінің инспекторы, бас экономисті, ОҚО білім департаментінде бас маман, Шымкент қалалық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2007 — 2010 жылдар аралығында Шымкент қалалық қаржы бөлімінің бастығы, 2010 — 2012 жылдар аралығында Шымкент қалалық экономика және қаржы бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
2012 жылдың мамыр айынан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді. 2018 жылдың 4 шілдесінен бастап Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне қайта тағайындалды.
Іске сәт!