Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Қалада қоғамдық кеңестің кезектен тыс мәжілісі өтті

Қалада қоғамдық кеңестің кезектен тыс мәжілісі өтті

Шымкентте орын алған балмұздақтан улану жайты мен жаппай өрт қауіпсіздігін тексеру шаралары бойынша қалалық қоғамдық кеңестің кезектен тыс мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алған Әл-Фараби аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Т. Серманизов кәсіпкерлерге тексеру жұмыстарын тек арыз-шағым түскенде ғана тексере алатындарын жеткізді. Осыған орай қоғамдық кеңес тарапынан қоғамдық мониторинг жүргізу туралы ұсыныс жасалды. Алғаш болып қаладағы мектеп асханаларын тексеру керегі айтылды.

Сондай-ақ, халық көп шоғырланатын орындар мен сауда — ойын-сауық орталықтарындағы өрт қауіпсіздігі шараларын нығайту да сөз болды. Қазіргі таңда қаладағы мұндай орындардың барлығында өрт қауіпсіздігі талапқа сай.

Сонымен қатар мәжілісте «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» Шымкент қалалық мәслихаты шешімінің жобасы, «Шымкент қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» қалалық мәслихат шешімінің жобасы, «Автотұрақтар үшін бөлінген жерлер санатын белгілеу және салынатын жер салығының базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» қалалық мәслихат шешімінің жобасы мен басқа да мәселелер талқыланды.

Пікір жазу