Шымкент қалалық Тілдерді оқыту орталығының орта мектеп оқушылары арасында өткізген «Ана тілі және отбасы» байқауы мәресіне жетті. Байқаудың қазылар алқасы өз күшін сынаған 25 мектеп арасынан «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» шығарып, оларға арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтарды табыс етті.
Байқау қорытындысы бойынша Зоя Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі Бас бәйгені қанжығасына байласа, бірінші орынды №20-мектептің үлесіне тиді. Ал, екінші орынды А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы мен Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта мектебі және №79 жалпы орта мектебі иемденсе, үшінді орынды О.Жандосов атындағы №30 жалпы орта мектебі мен М.Горький атындағы №12 жалпы орта мектебі және №94 жалпы орта мектебі иемденді.
Сонымен қатар, «Сөз зергері» номинациясы бойынша Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектебі, «Достық мекені» номинациясы бойынша Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта мектебі, «Ұйымшыл ұжым» номинациясы бойынша М.Мәметова атындағы №35 жалпы орта мектебі, «Ұлттық дәстүрді насихаттаушы» номинациясы бойынша А.С.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі марапатталды.
Ал, жеке номинацияларды №94 жалпы орта мектебі, Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектебі, М.Мәметова атындағы №35 жалпы орта мектебі, Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектептерінің ұзтаздары мен оқушылары жеңіп алды.
Әсет Әссанди
Азат Дидарбектің фоторепортажы