Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖИЫН ӨТТІ
SONY DSC

«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық бірыңғай күні аясында облысымызда «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылуға арналған жиын өтті. 

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен басқосуға облыстық ассамблея кеңесінің мүшелері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ассамблея жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі мен «Достық» клубтарының мүшелері қатысты. 

Іс-шарада Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Үсен Асқаров «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының маңызына тоқталды. Жоба бойынша әлемдік әдебиеттің жауһары саналатын 18 оқулықтың тұңғыш рет қазақ тіліне аударылуы баға жетпес қазына екендігін жеткізді. 

— Бұл кітаптар қоғамдағы азаматтық ұстаным, моралдық құндылық, ар-ождан негіздерін қалайды. Адамның өзіне, айналасына, елге деген көзқарасын қалыптастырады. Жоғары оқу орындарындағы студенттердің 70 пайызы қазақ тілінде оқитынын ескерсек, әлемнің гуманитарлық саладағы інжу-маржандары қазақ тілінде сөйлеуі рухани жаңғыруымызға ықпал етеді, — деді Үсен Файзуллаұлы.

Алқалы жиын облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесі мен қоғамдық келісім кеңесінің бірлескен отырысымен жалғасты. Онда облыстық білім, облыстық құрылыс басқармалары мен ҚР Ұлттық Банкі ОҚО филиалының, «Оңтүстік» аймақтықтық инвестициялық орталығы» басқармасы басшыларының Президент ұсынған бес әлеуметтік бастамасының өңірде іске асу барысы жайлы есептері тыңдалды. 

Сондай-ақ, басқосуда 24 азаматқа Елбасының қолы қойылған Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі туралы куәлік тапсырылды.

Пікір жазу