Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Шымкентте білім ұйымдарының халықаралық көрмесі өтті

Шымкентте білім ұйымдарының халықаралық көрмесі өтті

Шымкентте «Bilim Álemi / Education World — 2018» халықаралық көрмесі өтуде. Алғаш рет ұйымдастырылған іс-шараға 30-дан астам халықаралық және қазақстандық жоғарғы оқу орындары мен агенттіктер қатысып отыр.  Олар мектеп түлектеріне мамандық пен оқу орнын таңдауда, екінші жоғарғы білім алу мүмкіндіктері мен кәсіби деңгейді көтеру туралы кеңес берді.

Білім және ғылым министрлігі және облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған көрмеге аймақ басшысы Ж.Түймебаев бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты.

— «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекеге қабілетімен айқындалады» деген Елбасы өз Жолдауында барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету туралы нақты міндет қойды. Осы міндетті жүзеге асыру мақсаттында білім беру қызметтерін таныстыру үшін біз осы алаңды ұсынып отырмыз. Мұндай іс-шаралар білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және өңірдін жалпы білім деңгейін көтеруге ықпалын тигізері сөзсіз, — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Көрме барысында АҚШ, Канада, Кипр, Латвия, Малайзия, Ресей, Қытай, Франция, Чехия, Тайланд пен Казақстанның жоғары оқу орындары білім гранттары мен стипендияларын ұсынды. Ал облыс әкімі білім ұйымдарының өкілдерін алғыс хатпен марапаттады.

Айта кетейік, көрме аясында семинарлар мен таныстыруларды қамтитын арнайы іскерлік бағдарламалар қарастырылған.

Пікір жазу