Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОРДАБАСЫДА ФЕСТИВАЛЬДІҢ ОТЫ ЖАНДЫ

ОРДАБАСЫДА ФЕСТИВАЛЬДІҢ ОТЫ ЖАНДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі Ордабасы ауданында жалғасын тапты.

Фестиваль үш бидің басын қосқан Ордабасы тауындағы «Бірлік» монументіндегі салтанатты шарадан бастау алды.  

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ордабасы – ел жүрегі, жер кіндігі» десе, заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаев «Ордабасы – қазақ рухының қағбасы» деп атаған Ордабасы тауының қойнауында 1726 жылы Орда тігіліп, қазақтың үш жүзінің игі жақсылары бас қосып, жоңғар басқыншылығына қарсы күреске бүкіл қазақ жұртын жұмылдырды.

Бұл жиын – Қазақ елі тарихындағы аса ауыр сын сағатында халықтың рухын көтеріп, ұлттық намысты қамшылаған, жүрекке жалын, бойға қуат беріп, алдағы ұлы шайқастардың тағдырын қазақтың пайдасына шешкен қасиетті құрылтайға айналған болатын.

 

Әсет Әссанди

Азат Дидарбек -тің фоторепортажы

Пікір жазу