Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРА

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРА

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен іске асқан «Зорлық-зомбылықсыз Оңтүстік» акциясы аясында Мақтарал ауданының бірқатар білім ұяларында мектеп қабырғасындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмай, халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргзілді.

Тұрғындардың күнделікті тұрмысында зорлық-зомбылық оқиғаларын болдырмау және оның алдын алу негізінде Б.Момышұлы атындағы мектеп- гимназиясында өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Төребеков, аудандық ардагерлер кеңесі, ата-аналар жəне БАҚ өкілдері қатысты.


Патриоттық флешмобтан басталған акцияда қонақтар оқушылардың бақытты балалық шақтың көріністерінен салған суреттерін, түрлі спорт, өнер, білім үйірмелерінің өнерін тамашалады.
Сонымен қатар, акция өз жалғасын облыстық білім басқармасына қарасты №3 үш тілде білім беретін «Дарын» мектеп-интернатында тапты. Аталған білім ұясы балаларды өнерге баулу арқылы олардың бос уақытын барынша қызықты өткізу және уақыттарын тиімді пайдалануды мықтап қолға алғаны байқалды.

Балалар əуеге шар ұшырып, арқан тартып, асық атты. Сондай-ақ, мектеп ұстаздары мен оқушылары тәрбие сағатын өткізіп, тақырыпқа сай көріністерді жұрт назарына ұсынды. Отбасындағы зорлық-зомбылық балалардың өміріне қаншалықты кері әсер ететіндігі, оларға тәрбиенің дұрыс берілмеуі – теріс жолға жетелейтіні көрсетілген қойылымның арқауына айналды.

(Ә.Ә.)

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу