Мемлекет басшысының «Болашақ бағдар: Ррухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Астана қаласының 20 жылдығына орай мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «ЖАУҚАЗЫН» қалалық өнер фестивалі мен қылқалам шеберлерінің көрмесі дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді.
ҚР «Мәдениет қайраткері»,Түркістан қалалық мәдениет үйінің директоры Шәмет Лиза Төлегенқызының басшылығымен ұйымдастырлыған фестивальге қала мен ауылдардан келген өнерпаздарымыз өнерлерін ортаға салып, өз мәресіне жетіп, талантты өрендерміз алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Байқаудың мақсаты мүмкіндігі шектеулі, дарынды да, өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, олардың шығармашылығына қолдау көрсетіп, насихаттау, отансүйгіштікке, ұлттық рухта тәрбиелеу,оларға бағыт-бағдар беріп, өмірге деген құштарлығын арттыру болып отыр.
Байқаудың ережелері мен шарттары бойынша өнер фестиваліне ән, би, қолөнер, сурет, ақындар жанрлары бойынша үміткерлер қатысты.
Қолөнер шеберлері үшін: Қылқалам және қолөнер шеберлерінің туындылары көрме етіп мәдениет үйінің фойесінде ұйымдастырылып қойылған. Әділ-қазылар алқасы байқау басталар алдында көріп, тамашалап бағаланды.
Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Жауқазын» фестивалінің әділ-қазылар алқасы ҚР «Мәдениет қайраткері»,қалалық мәдениет үйінің директоры Шәмет Лиза Төлегенқызы, ҚР «Мәдениет қайраткері», ұжым жетекшісі Шомпиева Сәуле Абуталипқызы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, журналист Ақмарал Ғаниқызы болды.