Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОҚО-ДА «ТЕАТР КӨКТЕМІ-2018» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ОҚО-ДА «ТЕАТР КӨКТЕМІ-2018» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 18-20 сәуір аралығында облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында сахна саңлағы, режиссер, актер Х.Шаженовтың 110 жылдығы және ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Райымбек Сейтметовтің 80 жылдығына арналған «Театр көктемі – 2018» облыстық театр фестивалі өтті.
Аталған фестивальге Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультетінің деканы, Өнертану ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық театрлар ассоциациясының мүшесі (IATC), қазылар алқасының төрайымы — Нұрпейіс Бахыт Кәкиқызы, театртанушы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, Өнертану ғылымдарының кандидаты, Халықаралық театрлар ассоциациясының мүшесі (IATC) – Еркебай Анар Саимжанқызы, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі, Халықаралық театрлар фестивалінің лауреаты, режиссер – Ақүрпеков Мәлік Дүйсебекұлы, театртанушы, Қазақ Ұлттық өнер университетінің оқытушысы, Өнертану магистры, «Еңлікгүл-2016» сыйлығының «Жылдың театртанушылық мақаласы» номинациясының иегері – Қадыралиева Айзат Оңғаралықызы, Оңтүстік Қазақстан облысық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы — Шарафиева Ғалия Аликенқызы қазылық етті.
Фестивальге облыстағы 8 кәсіби театр қатысып, қазылар алқасының шешімімен үздік деп табылған қатысушыларға төмендегідей жүлделер тағайындалды.
Бас жүлде — М.Әуезовтың «Қарагөз» қойылымын сахналағаны үшін Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры марапатталды (1 млн. теңге);
I орын — М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» қойылымын сахналағаны үшін Облыстық әзіл-сықақ және сатира театры марапатталды (500 мың теңге);
II орын — С.Досановтың «Қасқыр ұлыған түн» қойылымын сахналағаны үшін Облыстық өзбек драма театры марапатталды (300 мың теңге);
III орын — М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы сахналағаны үшін Облыстық опера және балет театры марапатталды (200 мың теңге).

Үздік номинациялар:
— Халел Шаженов атындағы жүлде — Облыстық орыс драма театры сахналаған М.Каримнің «В ночь лунного затмения» қойылымы үшін Әскер Құлданов марапатталды (150 мың теңге);
— Райымбек Сейтметов атындағы жүлде — Р.Сейтметовтың «Қалың елім қазағым» поэтикалық драмасындағы қарт Абай ролі үшін Қанат Садықбеков марапатталды (150 мың теңге);
— «Өзекті тақырыпты қозғағаны үшін» номинациясымен К.Жұмабековтың «Адасқандар» қойылымы үшін Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры марапатталды (150 мың теңге);
— «Актерлік ансамбльдік тұтастық» номинациясымен А.Малюченконың «Птица счастья» қойылымы үшін Облыстық қуыршақ театры марапатталды (150 мың теңге);
— «Үздік сценограф» номинациясымен С.Досановтың «Қасқыр ұлыған түн» қойылымы үшін Облыстық өзбек драма театрының қоюшы-суретшісі Саидсултан Джахангиров марапатталды (30 мың теңге);
— «Үздік ер адам ролі» номинациясымен М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» қойылымындағы Көтібар ролі үшін Облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының артисі Ғалымжан Қаппаров марапатталды (30 мың теңге);
— «Екінші пландағы үздік ер ролі» номинациясымен М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсындағы Серік ролі үшін Облыстық опера және балет театрының артисі Қайрат Құлыншақов марапатталды (30 мың теңге);
— «Екінші пландағы үздік әйел ролі» номинациясымен А.Малюченконың «Птица счастья» қойылымында жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін Облыстық қуыршақ театрының артисі Людмила Лушина марапатталды (30 мың теңге);
— «Екінші пландағы үздік әйел ролі» номинациясымен М.Каримнің «В ночь лунного затмения» қойылымындағы Шафак ролі үшін Облыстық орыс драма театрының артисі Ольга Иванова марапатталды (30 мың теңге);
— «Үміт» номинациясымен М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсындағы Біржан ролі үшін Облыстық опера және балет театрының солисті Мәдіхан Дүйсеев марапатталды (30 мың теңге);
— «Көрермен көзайымы» номинациясымен К.Жұмабековтың «Адасқандар» қойылымындағы Әке ролі үшін Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының артисі Арман Өтебеков марапатталды (30 мың теңге).

Пікір жазу