Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Қала әкімінің халық алдындағы уәдесі қалай орындалуда?

Қала әкімінің халық алдындағы уәдесі қалай орындалуда?

Бүгінгі өткен қала әкімдігінің мәжілісінде әкімнің халық алдында берген есепті кездесуінде жоспарланған міндеттемелердің орындалу барысы сөз болды.

Мәжілісте тұрғындарды коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету, мектеп құрылысы, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды.

Биылғы жоспарланған жұмыс аяқталса халықтың 96 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі (қазір — 93%).
18 жеке иеліктегі трансформаторлар мәселесі шешіледі және «Оңтүстік ЖарықТранзит» ЖШС-мен жеке иеліктегі 13 трансформатор ауыстырылады. Көше жарықшамдарына келер болсақ, бірінші кезекте шағынаудандардың жолаушылар ағыны көп және әлеуметтік нысандар орналасқан криминалдық жағдайы жоғары көшелерде жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, Шымкентте 7 жыл ішінде 55 жаңа білім ошағы бой көтермек. Мектепке барар жолдар қауіпсіз болу үшін жарықшамдар орнатумен қатар, аяқжолдар құрылысы жүруде.
Жыл соңына дейін топырақ жолдар мәслелесі де шешімін табатын болады.

Қазіргі таңда жолдың күрмеуі шешілмегендіктен қаланың шалғай Текесу, Ақтас, Абдулабад тұрғын алаптарында қоғамдық көліктердің қызметі ұйымдастырылмаған. Сол себепті, әлеуметтік маңызы бар 10 автобус бағыты бойынша мамыр айында конкурс ұйымдастырылады. Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың шығындары бюджеттен субсидияланады.
Қаладағы автопарктерді жаңарту жұмыстары да жүргізілуде. Бүгінгі таңға «Т-bus» ЖШС-ні 30 жаңа автобус жаңартса, жыл соңына дейін тағы 70 автобустың алынуы күтілуде.

Пікір жазу