Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ НҰРЛЫ ЖОЛ…

ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ НҰРЛЫ ЖОЛ…

Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық Мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өңіріміздің аудан, қалаларында өтіп жатқан «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі Қазығұрт ауданында жалғасты.


Фестиваль қонақтары мен қазылар алқасын Шымкент – Ташкент күрежолының бойындағы Қазығұрт жотасында «Қазығұртым» әнімен қарсы алған өнерпаздар аңызға айналған киелі жердің қадір-қасиетін өлеңмен айшықтаса, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Жаншуақов Нұқ кемесінің символдық макеті орналасқан аймақты таныстырды.

Туризм саласын дамыта отырып, мұнда келушілерге ыңғайлы жағдай жасау мақсатында жол жөнделіп, абаттандыру жұмыстары қолға алынғандығын жеткізген қазығұрттықтар Атбұлақ ауылындағы Қазақстанның киелі жерлері тізіміне енген Ақбура әулие мен Тұрбат елдімекеніндегі орта ғасырларда Қожа Ахмет Ясауидің діни ілімін жалғастырып, елді ізгілікке баулыған Ысмайыл ата кесенесінде тарихи деректер жөнінде мәлімдеп, құран бағыштады.


Сонымен қатар, аудан орталығындағы алаңда білім ұяларындағы қолөнер үйірмелерінің қатысушылары жасаған бұйымдардан көрме ұйымдастырылып, 500-ден аса туындылар қойылып, аудандық Мәдениет сарайында қолөнер шеберлерінің көрмесі және клуб қызметкерлерінің атқарған жұмыстары жайлы стендтер орналастырылды.
«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі гала-концертке ұласып, 100-ге жуық аудан өнерпаздары түрлі жанрларда өнер көрсетті.

(Ә.Ә.)

 

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу