Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КӨНЕ БОЛСА ДА, ЖАҢАРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОТЫРАР -3

КӨНЕ БОЛСА ДА, ЖАҢАРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОТЫРАР -3

Тілшілер тобы Отырар ауданы, Шәуілдір ауыл округіндегі Арыс өзені жағалауын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Арыс өзенінің жағалауын қайта құру жұмыстары 2017 жылы басталып, 2018 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов бұл жұмыстар негізінен Арыс өзенінің бұзылып бара жатқан арнасын тоқтатып, жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті.

Отырар ауданы аграрлы аудан болғанымен мұндағы топырақтың сорлануы, ауа райының қолайсыздығы шаруаларды біраз әбігерге салған еді. Осының алдын-алу үшін аудан әкімі Ерлан Айтахановтың бастамасымен Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия институты ғалымдарымен бірлесіп, ғылыммен ұштастырып егін егу жұмыстарын жүргізу қолға алынған болатын.

Нәтижесінде шаруалар өнім көлемін арттырып, бұл тәжірибенің тиімділігіне көз жеткізді. Қазіргі уақытта аудандағы 7 ауыл округінде орналасқан 117 шаруашылықтың жалпы 3000 гектар аумағында топырақты зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Осы бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатқан «Ынтымақ» шаруақожалығының жұмысымен танысып қайттық.

(Ә.Ә.)

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу