Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОҚУШЫЛАР ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ

ОҚУШЫЛАР ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен жарияланған «Зорлық-зомбылықсыз Оңтүстік» акциясы Төле би ауданында жалғасты. Алдымен, «Облыстық тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернат» тəрбиеленушілерінің іс-шарасы өтті.

Ісшарада мектеп-интернат тəрбиеленушілері өздері жасаған бұйымдарымен таныстырып, арнайы үйірме иірімдерінің жемісін көрсетті. «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» ұранымен қойылымдар қойылып, жүрекжарды балалар əндері ұсынылды. 34 жылдық тарихы бар мектеп-интернат ұжымы төл перзенттерінің тіл кемістігі жазылып, қоғамға етене араласып, өнерге құштарлығы оянғанына дəн риза.

Сонымен қатар, Төле би аудандық білім бөлімі «Жыланбұзған» ауылындағы жаңа мектеп базасында аталған жарияланған «Зорлық-зомбылықсыз Оңтүстік» акциясын жүзеге асырды. Қолөнер шеберлерінен топталған оқушылар құрамы, гобелен өрнегі, станокта жіп иіру, пластиктен сыпырғы жасау сияқты көп қайталанбайтын дүниелер ұсынды.

Балалардың он саусағынан өнер тамған шебер болып өсуіне мектеп-интернат ұжымының үлес мол.  Шығармашыл өрендер əн арнап, би билеп, психолог мамандар ғылыми баяндама оқыды.

Пікір жазу