Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ОБЛЫС ӘКІМІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Оңтүстік Қазақстанның облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. Әуелі «Нұрсәт» шағынауданындағы жаңа саябақтың құрылысын қадағалады. Қазіргі таңда гүлзарда шынар, талшын және қайың ағаштары егілуде. Алдағы уақытта орындықтар мен жарықшамдар, ротондар орнатылып, сан алуан гүл түрлері егіледі. Гүлзардың жалпы алаңы 2 гектар аумаққа жуықтайды. Сондай-ақ, демалыс аумағында шағын сәулеттік құрылымдар мен балалардың ойын алаңшаларын салу да жоспарланған.

Кейін өңір басшысы Бекет батыр көшесіндегі жаңа арбаттың құрылыс жұмыстарының жайына қанық болды. Оның жалпы ұзындығы 900 метр. Арбат болашақта шымкенттіктер мен шаһар қонақтарының сүйікті орнына айналмақ. Түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылып, ұлттық әшекей мен кәдесыйлар сатылатын болады.

Қаладағы сапар Қошқар ата өзені бойындағы абаттандыру жұмыстарымен танысумен жалғасты.   Бүгінде  өзеннің 1,6 шақырым жеріне абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аумақта өзен бойы тазартылып, жағасына түрлі сәндік ағаштар егіліп, аяқжолдар мен шамдар орнастырылады.      

Айта кетерлігі, Алдағы уақытта Шымкент қаласы 4 арбатпен және 32 гүлзармен толығатын болады.

Пікір жазу