Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ЖӘРМЕҢКЕ ЖҮЗІМІЗДІ ЖАЙНАТТЫ!

ЖӘРМЕҢКЕ ЖҮЗІМІЗДІ ЖАЙНАТТЫ!

Мамыр айы шымкенттіктерге молшылығымен басталғалы тұр. 1 мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, «Даму» қоры, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микроқаржы ұйымы қазақстандық тауар өндірушілері – «Еңбек» жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы қатысушыларының жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеде төмен бағадағы тауарлар, ет және сүт өнімдері, жеміс-жидек, көкөністер, қаланың ең мықты шеберлерінен қолөнер бұйымдары сатылды.


Алғаш рет жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушыларымен өтіп жатқан жәрмеңкенің ашылуына орай сатып алушыларға лотерея билеттері таратылып, жеңімпаздарға жәрмеңке алаңында ғана жарамды ақшалай купондар табысталып, ойын-сауық бағдарламасы және сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылды.

Ал, мамыр жәрмекесінің сәнін түрлі этнос өкілдерінің өнерлері келушілерді бір серпілтіп тастады.  Жәрмеңкеге жалпы 60 кәсіпкер қатысып, өздерінің тауарларын көпшілікке ұсынды. Ал құны жағына келер болсақ,көңілге қонымды,  халыққа қолайлы баға ұсынылған. Жәрмеңкедегі адамдардың қатары да қалың, бәрі де көңілді.

Пікір жазу