Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КҮРКІРЕП КҮНДЕЙ ӨТТІ ҒОЙ СОҒЫС…

КҮРКІРЕП КҮНДЕЙ ӨТТІ ҒОЙ СОҒЫС…

Күндей күркіреп өткен соғыстың аяқталғанына да 73 жыл. Мерекеге жиналған көпшілік «Мәңгілік ел есінде» ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаевтар азалы әуеннің сазымен жеңіс жолында шейіт кеткен жерлестерімізге арнап гүл шоқтарын қойған соң, боздақтарға арналып құран оқылды. 

Осы мерекелік шараға орай мәдениет сарайының фойесінде әскери тақырыптағы көрме қойылыпты. Келушілер соғыс жайында көптеген мәлімет алып, көрмені ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып жатты.
Адамзатқа бейбіт өмір сыйлаған Ұлы жеңіс тақырыбындағы қойылған театрландырылған көрініс сол кезеңнің тарихын көз алдымызға әкеліп, көптің көңілінен шықты.
Көріністен кейін сахнаға аудан әкімі Ерлан Айтаханов пен мәслихат хатшысы Мырзахан Манаповтар көтеріліп, аудан халқын мерекемен құттықтады. 

«Өткенімізге шегініп қарайтын болсақ, осыдан 73 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Сол бір сұрапыл жылдарда 4000-ға жуық отырарлықтар майданға аттанып, 2466 боздақ туған жерге оралмады. Олардың есімдері мен ерліктері ешқашан ұмытылмайды» — деді аудан басшысы өз сөзінде.
Салтанатты жиынға қатысушылар концерттік бағдарламадан соң, ардагерлерге арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. Мерекелік іс-шара аудан ардагерлері арасында өткен бильярд ойынына жалғасты.

Пікір жазу