Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаменті, «ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ОҚО бойынша филиалы І тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг берді.
Брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев Агенттік Төрағасы бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді жоспарына сәйкес «Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өңірімізде алғаш рет өткізіліп жатқанын айтты.

«Марафонға 15 аудан, қалалардағы әкім аппараттары мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен барлық мақсатты топтардың атсалысуымен түрлі форматтағы іс-шаралар өтеді. Қазіргі таңда марафонды Шардара, Мақтарал аудандары өткізіп, ендігі кезек Сарыағаш ауданы» – дейді Әли Көмекбаев.

Брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Тастеміров департамент бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Әсет Әссанди

Азат Дидарбектің фоторепортажы

Пікір жазу