Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ОҚО-да тұңғыш рет шетелдік және қазақстандық би ұжымдарының бірлескен концерті өтті

ОҚО-да тұңғыш рет шетелдік және қазақстандық би ұжымдарының бірлескен концерті өтті

Бүгін, Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Қазақстанға алғаш рет келген Америка Құрама Штаттарының «Дейтон» заманауи би театры және қазақстандық «Қазына» би ансамблінің бірлескен концерті өтті.
Шара барысында шетелдік би ұжымына Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Шарафиева Ғалия Аликенқызы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының арнайы құттықтауы мен сый-сияпатын табыс етті.


«Би театры — көп нәсілді америка халықтарының ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, халықтың тыныс-тіршілігін, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде заманауи бағытта өркендеп, дамуда.
Сіздердің музыка ырғағын тереңнен сезінетін кәсіби шеберліктеріңізді табиғаттан берілген ерекше сый деп білеміз. Ұсынған би қойылымдарыңыздағы джаз, этнографиялық би қимылдары заманауи модерн элементтерімен әсерленіп, шығармашыл труппаның шеберлігін паш етті.


Бүгінгі би кеші – «барлық биді» біріктіруге қызмет ететін ерекше мереке. Бұл өнер түрі әр түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып, ынтымақтастық пен бейбітшілікке баулып, екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынасты одан әрі нығайта түседі деген сенімдемін»-деп, құттықтау хатта облыс басшысы ізгі ниетін білдірген.
Бірлескен жоба көрерменге ерекше әсер қалдырды.
«Дейтон» заманауи би театры (Dayton Contemporary Dance Company – DCDC) шығармашылықтарының түп-тамыры афроамерикалық мәдениеттен бастау алады.
«Дейтон» заманауи би театрының негізін — Дейтон қаласының Огайо штатында 1968 жылы биші, оқытушы, хореограф, Марк-Артур степендиясының лауреаты Джеральдина Бланден қалаған. Бірегей америкалық би театры әлемге танымал.
Театрдың көркемдік жетекшісі Дебби Бланден-Диггс.
Олар ғажайып би нөмірлерін қою арқылы әлем бойынша іссапар барысында театр өнерінің жергілікті білім беру мекемелерінде шеберлік сабақтарын өткізіп келеді.
«Қазына» би ансамблі 1989 жылы құрылған. Ансабльдің ұйымдастырушысы және көркемдік жетекшісі ҚР Мәдениет қайраткері — Мұсабек Жарқынбеков. 2003 жылдан бері ҚР Мәдениет қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты Зәуре Ажибекова жетекшілік жасап келеді. Ансамбльдің қоржынында 70-ке жуық фольклорлық және заманауи жанрда, ТМД елдері және әлем халықтарының билері бар.

Пікір жазу