Шымкентіміз бүгін ерекше жайнады – облысымыз бен қаламыздың бірінші басшылары қатысқан үлкен мереке өтті! Қала мен қонақтарымыздың қуанышына айналған мерекелік қойылым әл-Фараби алаңын жарқырата түсті. Сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жиналған жұртты мерейлі мерекелерімен құттықтап, ел мен өңірдегі оң өзгерістерге тоқтала кетті. Облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығы да тап сол жерде 18 этномәдени орталықтардың төрағаларына табыс етілді. Артынша тамаша концерт, «әсем ән мен тәтті күйге» кезек берілді. Мәңгі елдің мың домбырасы мерекенің мерейін үстем етсе, «Алтын адам» кейпіндегі 20 шабандоз оны одан сайын асқақтата түсті.
Асхат ӘССАНДИ,
Азат ДИДАРБЕК