Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгін Түркістан облысының Келес ауданына жаңа әкім тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен бұл қызметке Ақментай Есбаев кірісті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жаңа әкімді жаңадан құрылған аудан активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы оның алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, қызмет барысында Мемлекет басшысы бекіткен бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру қажеттігін айтты.

Айта кетейік, Ақментай Үсенұлы Есбаев 1972 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі экономист.

Еңбек жолын 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы В.Ленин атындағы мектепте өндірістік бригаданың жұмысшысы болып бастаған.

1989-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ғ.Мұратбаев совхозының кәсіподақ комитетінде есепші, аудандық қаржы бөлімінің жергілікті бюджет бөлімінің басшысы, ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі, ауданның экономика және қаржы бөлімінің бюджеттік және мониторинг секторының меңгерушісі, ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған.

2014 жылдың тамыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етіп келді.

Жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!..

Пікір жазу