Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫНЫҢ МЕРЕЙІ

МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫНЫҢ МЕРЕЙІ

Түлкібас ауданындағы «Ақ шатыр» демалыс орталығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесті.


Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған басқосуда облыс басшысы өнер азаматтарын кәсіби мерекемен құттықтап, облыстың рухани дамуы мен мәдени гүлденуіне айтулы үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.


Шара барысында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әртісі Сапарбай Өтемісұлы мен археолог, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының директоры Байтанаев Бауыржан, «Сақ» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеев, республикалық, халықаралық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы, «100 жаңа есім» тізіміне енген айтыскер-ақын Бекарыс Шойбеков, ҚР Мәдениет қайраткері, облыстық опера және балет театрының солисті Үралхан Сейілбекова Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының өңірде жүзеге асырылуы жайында өз ойларын айтып, мәдениет саласының дамуы бағытында ұсыныстарын жеткізді.

(Ә.Ә.)


Азат Дидарбектің фоторепортажы

Пікір жазу