Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ҚАЗАҚСТАН – ӨЗБЕКСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫ

ҚАЗАҚСТАН – ӨЗБЕКСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы RIXOS KHADISHA SHYMKENT қонақ үйінің мәжіліс залында іскерлік қарым-қатынасты дамыту мақсатында Қазақстан – Өзбекстан бизнес-форумы өтті. Форум барысында тараптар бірлескен бизнес жобалар мен инвестициялық ұсыныстар жайында ынтымақтастықты дамытуды сөз етіп, экспорт пен импорт бойынша үшінші елдерге кіру жайын талқылады.

Форум жұмысына екі елдің елшілері Ерік Өтембаев пен Саидикрам Ниязходжаев, ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, Өзбекстан Республикасының сыртқы сауда министрінің орынбасары Сохиб Саифназаров, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Өзбекстандағы сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Адхам Икрамов пен 400-ден астам қос елдің кәсіпкерлері қатысты.

Бизнес-форум кезінде екі ел кәсіпкерлерініӊ қатысуымен В2В форматында келіссөздер жүріп, бірқатар бағытта іскерлік әріптестікті дамыту мақсатында екі жақты құжаттарға қойылды. Қатысушылар өзара іс-әрекеттер жақын болашақта өз нәтижесін береріне сенім білдірді. Сонымен қоса форумға қатысушылар отандық тауар өндірушілер ұсынған өнімдер көрмесін тамашалады.

 

(Ә.Ә.)

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу