Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТАРАЛДА МАҚТАНАРЛЫҚ МӘСЕЛЕ МОЛ

МАҚТАРАЛДА МАҚТАНАРЛЫҚ МӘСЕЛЕ МОЛ

Мақталы елдің – мақтаулы елдің мерейін асыратын ауқымды істердің бірі қайта жаңғырып, қалың бұқараға қайтарылды. Ол – 1993 жылы сол кездегі аудан басшысы Ибадулла Үмбетаевтың бастамасымен тұсауы кесіліп, 1995 жылға дейін көптің қуанышына айналған «Мырзашөл жұлдыздары» ән байқауы. Байқау араға 23 жыл салып қайта жаңғырып отыр. 1993 жылы бастау алған байқау ел ішінде танылмай жүрген көптеген таланттарды жарыққа шығарды.

 Алғашқы байқаудың өзінде-ақ бас жүлдені еншілеген Жұбаныш Жексенұлы ерекше әуезді үнімен елді таңдай қақтырған болатын. Ол бүгінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, қазақ эстрадасындағы жарық жұлдыздардың біріне айналды. Ал келесі жылы Отырардан келіп, бағын сынаған Хадиша Шалабаева бас жүлдені қанжығасына байлаған болатын.

1996 жылдан бері өтпей қалған байқаудың жаңа тынысы Жамантай Бейсенбаевтың жеке бастамасымен қайта ашылды. «Мырзашөл жұлдыздары – 2018» облысымыздың барлық аудандарынан 19 үміткердің өнерін сарапқа салды.

(Ә.Ә.)

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу