Оңтүстік Қазақстан облысында арада 23 жыл өткенде «Мырзашөл жұлдыздары» атты жас әншілердің өнер байқауы өз мәресіне жетті. Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынған облыстық өнер байқауы Астана қаласының 20 жылдығы мен Мақтарал ауданының 90 жылдық мерейтойына орай өткізіліп отыр.
Шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ақын-сазгер Исарил Сапарбай, Қазақстанның эстрада жұлдызы Жұбаныш Жексенұлы мен аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев қатысып, керемет кештің құрметті көрермендері болды.
Сонымен, ән байқауында І-орынды шымкенттік «Сарын» тобы иеленді, ІІ-орын Ордабасы ауданының тумасы Айнұр Аубакироваға, жүлделі ІІІ-орындар шардаралық Жандос Әшірбеков пен түркістандық Біржан Сапарбековаға бұйырды. Бас жүлде мен жүлдеге тігілген бір миллион теңгені мақтааралдық Нұрислам Әріпхан қанжығасына байлады. «Мырзашөл жұлдыздары» байқауының гала-концертінде құттықтау сөз айтқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, аталған іс-шараның маңыздылығына тоқталып, бірқатар аудан азаматтарын «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен және Алғыс хатпен марапаттады.
(Ә.Ә.)
Асхат Әссандидің фоторепортажы